ШОБ қызметкерлері МӘМС пакетінен медициналық көмек алу үшін олардың жұмыс берушілері ай сайын 1- қазанға дейін Қорға жалдамалы қызметкерлер туралы ақпаратты беруі тиіс.

Белгілі болғандай, 1 шілдеде МӘМС жүйесінде қазақстандықтар үшін жеңілдік кезеңі аяқталды. Осы уақытқа дейін барлығы шартты түрде сақтандырылған деп саналды және тиісінше МӘМС пакеті шеңберінде медициналық көмек алуға құқылы болды.

Үкіметтің № 224 «Салық салу мәселелері бойынша экономиканы тұрақтандыру жөніндегі бұдан былайғы шаралар туралы» Қаулысына сәйкес таяудағы үш айда ШОБ 29 санаты ғана жарна төлеуден босатылды, бұл шағын және орта кәсіпорындардың 800 мыңнан астам қызметкерлері.

Бұл ретте ШОБ үшін жеңілдікті кезеңді ұзарту - бұл шағын және орта кәсіпорындарды қолдау шарасы болып табылады. Яғни, бұл кәсіпорындар қызметкерлерінің еңбекақысынан салық пен аударымдарды ұстамайды, бұл ретте олар медициналық сақтандыру пакетіне толық қол жеткізе алады.  Бұдан басқа, МӘМС үшін жарналар осы жылдың наурыз айында эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысқан медицина қызметкерлеріне төленетін үстемеақылармен ұсталынбайды. 

ӘМСҚ-на ақпарат беру механизмі: жұмыс берушілер өз қызметкерлерінің тізімін ай сайын 25 күннен кешіктірмей электронды форматта ұсынуы тиіс. Бұл үшін, олар Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында https://msb.fms.kz/login  сілтеме бойынша өтуі тиіс   және тізімдегі БСН бойынша өз ұйымын табу (осы тізімде БСН болмаған жағдайда ұйымды тіркеу мүмкін емес). Бұдан кейін электрондық цифрлық қолтаңба арқылы заңды тұлға немесе ЖК тіркелу және Қордың ақпараттық жүйесіне кіру және пайдаланушылық келісімге қол қою қажет. Одан әрі МӘМС төлеуден босатылған қызметкерлердің ЖСН-і қосылады – бұл Excel бір файлымен де, әр жеке қызметкерге жол-жөнімен де жасалуы мүмкін. Кейіннен деректерді қайта енгізудің қажеті жоқ, тек осы деректерді өзектендіру қажет болады.  Өз кезегінде, бұл ақпарат ай сайын мемлекеттік кіріс комитетіне берілетін болады. 

Егер ШОБ кәсіпорындарының бірінің қызметкері емханаға келіп, қандай да бір себеппен сақтандыру бойынша медициналық көмекке үміткер бола алмайтынын байқаса, онда ол деректерді Qoldau 24/7 мобильдік қосымшасы арқылы өз бетінше жібере алады.  Мәселен, қосымшаны жүктеу, электрондық мекен-жайы, тегі, ЖСН, телефон нөмірі көрсетілген тіркелу және осындай форматтағы өтінішті жазу қажет: «Мен, ШОБ қызметкері, оның иесі салықтардан және әлеуметтік аударымдардан босатылған, бірақ сонымен бірге мен туралы ақпаратты медициналық сақтандыру қорына бермеген». Бұдан әрі ұйымның БСН, жұмыс берушінің ЖСН және өз ЖСН көрсету, осы жұмыс берушімен еңбек қатынастарын растайтын құжатты тіркеу қажет (тағайындау туралы бұйрық немесе еңбек келісім-шарты).

Операторлар жарты сағат ішінде осы ұйымның ШОБ босатылған субъектілер тізіміне сәйкестігін салыстырып, жағдайды анықтайды және осы қызметкерге бір айға мәртебе береді. Бұл жағдайда ол жұмыс берушімен Қордың ақпараттық жүйесі арқылы ол туралы ақпаратты енгізу туралы өтінішпен жүгінуі керек, өйткені қызметкер осы ақпаратты алғаннан кейін ғана сақтандырылған болып саналады.   

ШОБ 29 санатының толық тізімімен Үкіметтің № 224 «Салық салу мәселелері бойынша экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» қаулысында танысуға болады.

Естеріңізге сала кетейік, МӘМС жүйесі Қазақстанда 1- қаңтардан бастап жұмыс істеп келген болатын. 1 - сәуірде жарна төлеу бойынша жеңілдік кезеңін ұзарту туралы жарияланды, оның ішінде өзінің сақтандыру мәртебесін анықтау, жарналар жасау және МӘМС қатысушысы болу қажет болды.

02.07.2020
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
КАКАЯ МЕДПОМОЩЬ ПОЛОЖЕНА НЕЗАСТРАХОВАННЫМ
САҚТАНДЫРЫЛМАҒАН АЗАМАТТАРҒА ҚАНДАЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛЕДІ
Шамамен 1,63 трлн теңге кепілдендірілген медициналық көмек көлеміне кіретін қызметтерге қарастырылған. Мұндай қызметтер тегін көрсетіледі. Сақтандырылмаған пациенттер де тегін ала алады.
03.07.2025
БОЛЕЕ 1 ТРЛН ТЕНГЕ ПОСТУПИЛО В ВИДЕ ВЗНОСОВ И ОТЧИСЛЕНИЙ В 2024 ГОДУ
2024 ЖЫЛЫ ЖАРНАЛАР МЕН АУДАРМАЛАР СОМАСЫ 1 ТРЛН-НАН АСТЫ
2024 жылы МӘМС жүйесінде 15,9 млн адам сақтандырылған.
26.06.2025
НА 1,1 ТРЛН ТЕНГЕ ОКАЗАНА МЕДПОМОЩЬ ПО ОСМС В 2024 ГОДУ
2024 ЖЫЛЫ МӘМС АЯСЫНДА 1,1 ТРЛН ТЕҢГЕГЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
Көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 12%-ға жоғары. Жалпы, былтыр ТМККК және МӘМС аясында медициналық көмек көрсетуге 2 трлн 522 млрд теңге бөлінді.
26.06.2025
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу